Дандай Ысқақұлы 1946 жылы мамыр айының 27-ші жұлдызында Түркістан облысы Отырар ауданының Қоғам ауылында дүниеге келген. Қоғам жетіжылдық (1953-1961) және аудан орталығы Шәуілдірдегі Жамбыл атындағы орта мектептерінде (1961-1964) оқыған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін (1969), Қазақ ССР Ғылым Академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын (1974) бітірген. Совет Армиясында взвод, рота командирі (1969-1971), ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтында кіші ғылыми қызметкер (1975-1977), Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика, филология факультеттерінде аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1977-2000), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінде профессор (2000-2004) болған. 2004-2020 жылдары С.Демирел атындағы университеттің проректоры, ректор кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2020-жылдың қыркүйек айынан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Абайтану институтының жетекші ғылыми қызметкері. Д. Ысқақұлы «Құрмет» орденінің иегері (2017); еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және оқу әдебиеттерін жазудағы көп жылдық нәтижелі еңбегі үшін А. Байтұрсынов атындағы алтын медальмен (2016), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен» (2016), түркі әлемін зерттеуге сіңірген еңбегі үшін ТҮРКСОЙ-дың Мақтымқұлы медалімен (2016), әдебиеттану ғылымындағы жетістіктері үшін Мәшһүр Жүсіп атындағы және Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы алтын медальдармен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына қосқан үлесі үшін «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» (2014) мерекелік медалімен марапатталған; түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлығын алған (2019); Іле педагогикалық университетінің құрметті профессоры (Қытай, 2016), «Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты» «2022); Түркістан облысы Отырар ауданының құрметті азаматы.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

С.М.Киров атынд.ҚазМУ
Жоғары
1969

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
15.09.1995

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
профессор
15.11.1996
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0